Сізді 9:00-ден 19:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық

Сізді 9:00-ден 19:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық

Зоосаябақ Адресы:

Шымкент қ. Бәйдібек Би даңғылы, 113/а

Зообақ ережесі

Басты бет   |   Зообақ ережесі

Зообақ аумағында мемлекеттік және ғылыми құндылығы жоғары жабайы жан-жануарлардың көптеген түрлері бар. Аңдардың көбісі көрермендер үшін қауіпті. Жан-жануарлардың тыныштығын сақтау мен көрермендерге келеңсіз жағдай тудырмас үшін, зообақ аумағында қатаң тиым салында.

№1 тыйым

Жан-жануарларды азықтандыруға, ызаландыруға және үркітуге болмайды.

№2 тыйым

Жан-жануар тұрған жайға түрлі заттарды, тамақ қалдықтарын, балалар ойыншықтарын және т.б. заттарды лақтыруға болмайды.

№3 тыйым

Барьерден өтуге немесе асып түсуге, аңдар тұратын қоршауға және құрылыс жүріп жатқан аймаққа кіруге тиым салынды.

№4 тыйым

Жан-жануарлар тұратын қоршаудан және тордан қол аяқты кіргізуге,сонымен қатар заттарды (қолшатыр, сөмке таяқ және т.б) жан-жануарларға қарай созуға болмайды.

№5 тыйым

Барьерге, шектеулі орындарға, жан-жануарлар тұрған жердің айналасына балаларды отырғызуға болмайды.

№6 тыйым

Балаларды, әсіресе кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға және зообақ аумағында орналасқан жан-жануарларды өздігінен аралауға рұқсат беруге болмайды.

№7 тыйым

Өздерімен бірге зообақ аумағына үй жануарларын алып келуге болмайды.

№8 тыйым

Жан-жануарларды күтіп-бағушы қызметкерлерді әңгімеге тартып, жұмысынан алаңдатуға. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды әкімшілікке, демалыс күндері кезекші қою арқылы алуыңызға болады.

№9 тыйым

Зообақ аумағында музыкалық аспапты ойнатуға, ән салуға, дыбыс ұлғайтқыш құралдарды қолдануға, спирттік сусындар ішуге, рұқсат етілмеген орынға темекі шегуге болмайды.

№10 тыйым

Газонды басуға, демалуға отырғызған жасыл бұталарды сындыруға, гүлдерді және ағаштардың жемістерін, жидек бұтақтарын жұлуға болмайды.

№11 тыйым

Зообақ бағындағы жануарларға қол тигізу және сипау

№12 тыйым

Кез-келген кәсіптік фототүсірілімдер мен видеотүсірілімдерді зообақ әкімшілігінің рұқсатынсыз түсіруге болмайды.

Түсінбестік туындаған жағдайда, жазатайым жағдай орын алғанда, бала жоғалғанда, кезекшіге немесе  зообақ әкімшілігіне хабарласу қажет. Осы ережелерді бұзуға жол берген жеке тұлға әкімшілік және қоғамдық жауапқа тартылады.